Нұр-Сұлтанда өлі табылған Сымбат Құлжағарованың әкесі видеоүндеу жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда өлі табылған Сымбат Құлжағарованың әкесі видеоүндеу жасады

Нұр-Сұлтанда биіктен құлап кетіп мерт болған Сымбат Құлжағарованың әкесі видеоүндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда биіктен құлап кетіп мерт болған Сымбат Құлжағарованың әкесі видеоүндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Марқұмның әкесі қызында психикалық ауру болмағанын айтады.

"Халықтың аянышын тудырған, ызаландырған қызым Сымбаттың басына түске қайғы мәңгілік сапарға ұласты. Мен қызымның есінің дұрыстығына еш күмән келтірмеймін. Себебі 2020 жылдың 21 қазанында шыққан дәрігерлік комиссияның қорытындысына қоса өзімнің де көзім жетті.

Осыған орай сіздерден қазіргі таңда тергеліп жатқан қылмыстық істің толық, жан-жақты, әділ және объектив зерттелуін қамтамасыз етуді сұраймын", - деді марқұмның әкесі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @symbat_stories

Желіде Сымбат Құлжағарованың өлімінен кейін петиция пайда болды

Сымбат Құлжағарова 10 желтоқсанға қараған түні биіктен құлап мерт болған еді. Тексеру барысында оның хат қалдырғаны анықталды. Онда Сымбат өз өліміне ешкімді кінәламайтынын жазған. Алайда оның туыстары Сымбаттың суицид жасағанына сенбейді. Олар істің мән-жайын тексеруді талап етіп отыр.

Сымбат бұған дейін әлеуметтік желіде күйеуі оны жиі соққыға жығатынын айтып  халықтан көмек сұраған екен. Ол психикалық ауруға шалдыққан науқас ретінде ауруханаға жатқызылған. Алайда оның достары мен туыстары Сымбаттың сау болғанын айтады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети