Нұр-Сұлтанда өрт сөндірушілер жалақысы аз екенін айтып шағымданды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда өрт сөндірушілер жалақысы аз екенін айтып шағымданды Иллюстрациялық фото: Нұр-Сұлтан ТЖД баспасөз қызметі

Нұр-Сұлтанда өрт сөндірушілер жалақысы аз екенін айтып шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда өрт сөндірушілер жалақысы аз екенін айтып шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарна мәліметінше, жалақы аз, қауіп-қатер көп болғандықтан еліміздің өңірлерінде өрт сөндірушілер жетіспейді. Биыл Қазақстанда 7,5 мың өрт болып, салдарынан 250 адам қаза тауып, сонша адам зардап шеккен.  

Нұр-Сұлтан қалалық №4 МӨБ бөлімінің командирі Азамат Рахымжановтың айтуынша, бұл қызметте уақытында жиналып, эмоцияға ерік бермеу.

"Мен өртке кеткенде, кезекшілікке шыққанда жақындарым уайымдайды. Өте ауыр сәттер болып, жұмыстан шығып кеткім келеді. Жалақы адам өмірі мен өліміне татымайды. Біз адамдарды құтқарып, күн сайын басымызды қауіпке тігеміз", - дейді Рахымжанов. 

Телеарна мәліметіне сүйенсек, жалақы аз болғанына байланысты Рахымжанов жұмыс істейтін бөлімшеге әлі 10 құтқарушы керек. Елдің басқа өңірлерінде де жағдай осындай.

Қазақстанда әр 36-ыншы өрт адам өлімімен аяқталады. Мысалы, АҚШ-та әр 360 өрттің біреуінде ғана адам өлімі болады екен. Ұлыбританияда бұл көрсеткіш 14, Францияда 27 есе аз. 

Қазақстанда көп жағдайда жекеменшік секторда өрт болады. Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Шығыс-Қазақстан және Қостанай облыстарында бұл тұрғыда жағдай нашар. Бұл өңірлерде өрттен қаза тапқандар саны елдегі орташа көрсеткіштен үш есе көп. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети