04 қараша 2019 | 17:49

Нұр-Сұлтанда орташа жалақы 280 мың теңге болады - әкімдік

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда 2022 жылы орташа жалақы 280 мың теңге болады деп жобаланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Нұр-Сұлтанда 2022 жылы орташа жалақы 280 мың теңге болады деп жобаланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Нұр-Сұлтанда мәслихат комиссиясының отырысында 2020-2022 жылдарға арналған әлеуметтік-мәдени дамуы мәселелері қаралды. 

"2020-2022 жылдары 2,7 триллион теңге инвистиция тарту көзделген. Осының арқасында төрт миллион шаршы метр тұрғын үйді, бір миллион шаршы метр коммерциялық алаңды пайдалануға беру жоспарлануда", - деді стратегиялық және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қайсар Манқараев.

Оның айтуынша, 2020 жылы Нұр-Сұлтанда орташа жалақы 250 мың теңге болады. 

"Экономиканың сервистік секторларында 60 мыңға жуық жұмыс орнын құру жоспарланған. Орташа жалақы 2018 жылы 240 мың теңгеден 2020 жылы 250 мың теңгеге дейін, 2022 жылы 280 мың теңгеге өсуін қамтамасыз етіледі. Осылайша, еңбек қоры 2018 жылы 1 триллион 360 миллиард теңгеден 2020 жылы 1 триллион 512 миллиард теңгеге дейін, 2022 жылға дейін 1 триллион 785 миллиард теңгеге дейін артады", - деді Қайсар Манқараев.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети