Нұр-Сұлтанда полиция формасын киген пәтер тонаушылар туралы ақпарат жоққа шығарылды

Нұр-Сұлтанда полиция формасын киген пәтер тонаушылар туралы ақпарат жоққа шығарылды

Нұр-Сұлтанда тәртіп сақшыларының формасын киіп, пәтерлерге түскен ұрылар туралы ақпарат жоққа шығарылды. Астананың Полиция департаменті бұл ақпаратты жалған деп атады, - деп хабарлайды StopFake.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда тәртіп сақшыларының формасын киіп, пәтерлерге түскен ұрылар туралы ақпарат жоққа шығарылды. Астананың Полиция департаменті бұл ақпаратты жалған деп атады, - деп хабарлайды StopFake.kz.

Әлеуметтік желіде полиция формасын киген белгісіз біреулер құжат тексеретіндей кейіп танытып, тұрғындардың үйін тонайтыны туралы ақпарат тараған.

"Нұр-Сұлтанда 16 тонау ісі анықталған, полиция формасын киген бір адам және тағы екі адам кіреді", - делінген Желіде тараған ақпаратта. 

Нұр-Сұлтанның полиция өкілдері бұл ақпаратты жоққа шығарды. 

"Ресми ақпараттарға ғана сеніңіздер. Жағдай толық бақылауда", - деді тәртіп сақшылары. 

Сонымен қатар, полиция өкілдері төтенше жағдай кезінде жлған ақпарат таратқандарға Қылмыстық кодексте жаза қарастырылғанын ескертті.  

Бүгінде полицейлер расында тексеріс жүргізіп жатыр екен. 

"Бірақ тәртіп сақшылары қызметтік куәлігін көрсетеді. Тұрғындардан түсіністік танытуын сұраймыз", - деді полиция өкілдері. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети