ПОДЕЛИТЬСЯ
06 тамыз 2021 | 09:13
Нұр-Сұлтанда сауда орталықтарының жұмыс кестесі өзгерді
Нұр-Сұлтан "қоңыр-қызыл" аймақтан "қызыл" аймаққа ауысты. Енді бүгіннен бастап сауда және ойын-сауық орталықтарына, сауда үйлері мен сауда желілеріне 22.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат беріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бас санитария дәрігер Ерлан Қиясовтың 29 шілдедегі қаулысына сәйкес, "қызыл" аймақта сауда және ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері мен сауда желілері сенбі мен жексенбіні қоса алғанда, барлық күні 22.00-ге дейін жұмыс істей алады.
Айта кетейік, эпидемиологиялық жағдай жақсарып, коронавирус жұқтырудың күнделікті жаңа дерегі азайған сайын карантин талабы жеңілдеуі мүмкін.
Елорда әкімдігі деректеріне сәйкес, 18 шілде мен 2 тамыз аралығында Нұр-Сұлтан және тағы төрт қала "қоңыр-қызыл" аймақта болған. 4 тамыздан бастап елордада инфекциялық стационарлардың жүктемесі 69 пайыз болды (70 пайыздан төмен - шамамен.) және қала "қызыл" аймаққа оралды.
Өткен тәулікте елордада COVID-19 жұқтырған 1507 адам анықталды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также