06 тамыз 2021 08:07

COVID-19 статистикасы: Нұр-Сұлтан мен Алматыда ауру жұқтырғандар саны теңесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырудың 7 769 жағдайы тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарына сілтеме жасап.


Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырудың 7 769 жағдайы тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарына сілтеме жасап.

"Қазақстанда ПТР-тестінің оң нәтижесі бар коронавирус бойынша 2021 жылғы 05 тамыздағы эпидемиологиялық жағдай туралы:

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырудың 7 769 жағдайы тіркелді. Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 618 513-ке жетті", - делінген хабарламада.

Оның ішінде:

  •  Нұр-Сұлтан қаласында - 1507,
  •  Алматы қаласында - 1507,
  •  Шымкент қаласында - 549,
  •  Ақмола облысында - 260,
  •  Ақтөбе облысында - 387,
  •  Алматы облысында - 300,
  •  Атырау облысында - 340,
  •  Шығыс Қазақстан облысында - 305,
  •  Жамбыл облысында - 173,
  •  Батыс Қазақстан облысында - 168,
  •  Қарағанды облысында - 1038,
  •  Қостанай облысында - 265,
  •  Қызылорда облысында - 194,
  •  Маңғыстау облысында - 200,
  •  Павлодар облысында - 303,
  •  Солтүстік Қазақстан облысында - 160,
  •  Түркістан облысында - 113.

Сонымен қатар, Қазақстанда 7 696 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты:

  • Нұр-Сұлтан қаласында - 1887,
  • Алматы қаласында - 2108,
  • Шымкент қаласында - 582,
  • Ақмола облысында - 189,
  • Ақтөбе облысында - 166,
  • Алматы облысында - 255,
  • Атырау облысында - 258,
  • Шығыс Қазақстан облысында - 109,
  • Жамбыл облысында – 224,
  • Батыс Қазақстан облысында - 34,
  • Қарағанды облысында - 911,
  • Қостанай облысында - 202,
  • Қызылорда облысында - 217,
  • Маңғыстау облысында - 128,
  • Павлодар облысында - 144,
  • Солтүстік Қазақстан облысында - 145,
  • Түркістан облысында - 137.

Елімізде барлығы 507 661 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.

Вакцинацияға келсек, 2021 жылғы 5 тамызда Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-компонентін 5 634 981 адам, 2-компонентін 4 231 204 адам салдырды.

Комиссия 2021 жылғы 6 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады:

"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары.

"Жасыл" аймақта: Түркістан облысы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети