Нұр-Сұлтанда шетелдік студенттермен кездесу өтті

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Бүгін "Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы" мен "Отандастар қоры" бірлесіп шетелдік және Қазақстан Республикасына көшіп келген қандас студенттермен кездесу өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Бүгін "Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы" мен "Отандастар қоры" бірлесіп шетелдік және Қазақстан Республикасына көшіп келген қандас студенттермен кездесу өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өткен жиынға университеттің Халықаралық байланыстар және инновация проректоры Ақбота Жолдасбекова, "Отандастар қорының" вице-президенті Мағауия Сарбасов, "Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы" Ақмола және Нұр-Сұлтан қаласы филиалының басшысы Қарлығаш Хожамұратова қатысты.

ЕҰУ-да шетелдік студенттерге арнап дайындық бөліміне 2017-2018 жылдары 47, 2018-2019 жылы 193, 2019-2020 жылы 165 грант бөлінген. Дайындық бөліміндегі студенттер жатақханада тегін тұрады. ҰБТ-дан жоғары нәтижеге жеткен студенттер отандық өзі таңдаған кез келген оқу орнында білімін жалғастыра алады.

Кездесу барысында сөз алған "Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы" Ақмола және Нұр-Сұлтан қаласы филиалының басшысы

"Қымбатты қаракөз қандастарым, Сіздер жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарсыздар, қазақтың қасиетті қара шаңырағы Ұлттық университет табалдырығын аттадыңыздар. Қанаттың қатайып өскен ұядан ұшып, қазақ жеріне табан тіредіңіздер. Сіздердің жолдарыңызға қарап, сіздерден үміт күтіп ата аналарыңыз алыста аузынан жырып, сіздер ешкімнен кем болмаймын деп бар тапқан-таянған бес теңгесін сіздерге салып отыр. Кімнен кемсіздер, әуелі өздеріңіз үшін, сосын әке-шешелеріңнің жүзін төмен етпей сабақты жақсы оқыңыздар. Бүгінгі алған білім ертең өмірлеріңізге азық болады. Біліммен бірге мәдениетті меңгеріңіздер, тәрбие ең басты құнды дүние, тәрбиесіз берілген білім адамзатқа апат әкеледі деді Ұлы ұстаз Әл-Фараби бабамыз. Сіздерге сәттілік тілеймін, кез келген уақытта бізбен хабарласуларыңызға болады, қандай да бір түсінбеушілік болса, іште сақтамаңыздар, ақылдасыңыздар, біз сіздерді тыңдауға даярмыз. Шешілмейтін түйін болмайды, алда үлкен сынақ бар, уақыттарыңызды тиімді пайдаланып, жақсылап дайындалып, жоғары бал жинап қалаған оқу орнына түсуге мүмкіндіктеріғіз бар. Бұл сіздер үшін алыстағы қандастардың балалары үшін жасаған мемлекет қамқорлығы, осындай мүмкіндікті орынды пайдаланып, қадіріне жетіңіздер. Сіздердің биік белестерді бағындыратындарыңызға біз сенеміз" -, деді Қарлығаш Бекпатшақызы.

Кездесу барысында арнайы шақыртылған әр сала өкілдері студенттер қойған сұрақтарға жауап берді.

Биылғы ҰБТ-ға енген өзгерістер мен толықтыру туралы Ұлттық тестілеу орталығы директорының орынбасары Наужан Дидарбекова толық ақпарат берді.

Айсұлу Жамашова мен Нүрия Сәдуақасова Волонтерлар жылы аясында ел көлемінде өткізілетін шараларды атап өтіп, барша студенттерді волонтер болуға шақырды. Жұмыспен қамту орталығының өкілі Айдана Құлжанова мен Бақыт Рақышова оқу бітірген жастарды жұмысқа орналастыру бағдарламаларын таныстырды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың профессоры, PhD Дәрігерлік ғылыми зерттеу орталығының директоры, Қытайдан келген қандасымыз Жанар Жеңісқызына сөз берілді. Бүгінгі өнегелі жастарға үлгі болатын Жанар Жеңісқызы білім жолындағы ізденістерімен бөлісті. Қытай, Қазақстан, Жапония, Оңтүстік Корея және басқада мемлекеттерде оқып, зерттеу жұмыстарын жүргізгені үлкен өмірге енді қадам басқан студенттерге күш-жігер бергендей болды.

Шара соңында "Отандастар қорының" вице-президенті Мағауия Қанапияұлы студенттермен кездесуге уақыт тауып келген Жанар Жеңісқызына алғысын білдіріп, 2019 жылғы "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" конкурсының жеңімпазы болуымен құттықтады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 513.5  course up  583.17  course up  6.22  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro