Нұр-Сұлтанда шырша жағу рәсімі қашан және қайда өтетіні айтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда шырша жағу рәсімі қашан және қайда өтетіні айтылды

Нұр-Сұлтанда шырша жағу рәсімі қашан және қайда өтетіні айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда шырша жағу рәсімі қашан және қайда өтетіні айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Әкімдік мәліметінше, 22 желтоқсанда сағат 20:00-де Нұр-Сұлтанда қаланың барлық жаңажылдық шыршалары жанады.

"Қала аумағында олардың саны 30-дан асады. Хабар телеарнасы "Ғажайып шырша" қысқаметражды фильмін 19:50-де көрсете бастайды, ал 20: 00-де ЭКСПО-да орналасқан бас шыршаны жарықтандыруға арналған дайындалған бейнеролик көрсетіледі.

Он минуттық фильмнің өзі бірнеше новелладан тұрады: игі істер, жануарларға деген сүйіспеншілік пен қамқорлық, ата-аналарға деген құрмет пен қамқорлық, отбасылық құндылықтар", - дейді ведомстводағылар.

Сондай-ақ 22 желтоқсанда "Үйдегі шыршаны безендіру" флешмобы аясында азаматтарды 22 желтоқсанда сағат 20.00-де өз үйлерінде шыршаны жағуға қатысуға шақыратын бейнеролик жарияланды. Бұл флешмобқа кез-келген адам телефонға видео немесе фото түсіріп, әлеуметтік желілерге орналастыра отырып, Нұр-Сұлтан әкімдігінің парақшасын белгілей отырып, #Мейірімдіболуәдет, #Добротаобразжизни, #Моднобытьдобрым хэштегімен жариялай алады.

Бұдан бөлек, әкімдік мәліметінше, Жаңа жыл қарсаңында елорда тұрғындары үшін бейне құттықтаулар ұйымдастырылады. Оған танымал адамдар, қазақстандық эстрада жұлдыздары, актерлер және тағы басқалары қатысады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети