Нұр-Сұлтанда Талғат Бигелдиновке ескерткіш қойылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда Талғат Бигелдиновке ескерткіш қойылды Фото ©️ Александр Куприенко

Нұр-Сұлтанда Жеңіс күні қарсаңында Кеңес Одағының екі мәрте Батыры, аты аңызға айналған ұшқыш Талғат Бигелдиновке ескерткіш ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда Жеңіс күні қарсаңында Кеңес Одағының екі мәрте Батыры, аты аңызға айналған ұшқыш Талғат Бигелдиновке ескерткіш ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ескерткіш Сарыарқа даңғылы бойында, Талғат Бигелдинов көшесінің қиылысына орнатылды. Жоба бойынша мүсінші Нұрлан Далбай мен сәулетші Расул Сатыбалдиев жұмыс істеді. Ескерткіш қоладан және граниттен жасалды. Онда Талғат Бигелдинов Ұлы Отан соғысы жылдарында жас ұшқыш ретінде, ал кеудесінде медальдары бейнеленген.

 "Ұлы Жеңіс қарсаңында Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Талғат Бигелдиновке арнап ескерткіш ашылды. Ұлы Отан соғысының ардагерлері ерліктің, табандылықтың, өскелең ұрпақ үшін ерлік пен даңқтың үлгісі болып саналады! Батыр ата-бабаларымыздың арқасында қазір бейбіт күнде өмір сүріп жүрміз! Біздің міндетіміз - батырларды жадымыздан шығармай, еске алу", - деді елорда әкімі Алтай Көлгінов.

Фото: Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметі 

Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Талғат Бигелдиновтің балалық шағын тілге тиек ете отырып, жетімдіктің тауқыметін ерте көргеніне қарамастан ел азаматы болып, халықтың мақтанышына айналғанын, «қатардағы ұшқыштан эскадрильяның үздік командиріне дейінгі жолдан өткенін атап өтті.

Фото: ©️ Александр Куприенко

Талғат Бигелдиновтің қызы Галина бұл күн ардагердің туыстары үшін де, барша қазақстандықтар үшін де қуанышты күн екенін атап өтті.

Фото: Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметі 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети