Нұр-Сұлтанда танымал адамдар қатысқан той полиция назарына ілікті

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда танымал адамдар қатысқан той полиция назарына ілікті Видеодан алынған

Нұр-Сұлтан Полиция департаментінің назарына қаладағы қонақүйлердің бірінде болған тойдың видеосы ілікті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтан Полиция департаментінің назарына қаладағы қонақүйлердің бірінде болған тойдың видеосы ілікті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видеоның толық нұсқасы Kozachkov offside телеграм-арнасында жарияланған. 

Елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметі іс-шара карантин режимін бұзға отырып ұйымдастырылғанын растады.

"Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде полицейлер Instagram желісінде танымал ақын және той жүргізушісі, сондай-ақ мемлекеттік радиостанция тілшісі "Тусау кесер" мерекесінде түсірген видеоны анықтады. Шара карантинді бұза отырып, қонақүй кешенінің банкет залында өткізілгені анықталды", - деді полиция қызметкерлері.

Ведомство мәліметінше, мекеме иесіне және іс-шараға қатысушыларға қатысты жиналған материал әкімшілік шара қолдану үшін Нұр-Сұлтан қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөліміне жіберілген. 

Айта кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтанда блогерлер қатысқан той полиция назарына іліккені хабарлаған болатын. Мерекелік шарадан түсірілген видеоларды блогер Ислам Жаңабілов Instagram-парақшасында жариялаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети