Нұр-Сұлтанда тасжол опырылды: мердігер компания жауапқа тартылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда тасжол опырылды: мердігер компания жауапқа тартылады Фото: Instagram / akimat_nur_sultan

Нұр-Сұлтанда Шоқан Уәлиханов және Ғұмар Қараш көшелерінің қиылысындағы тасжол опырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдік баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Нұр-Сұлтанда Шоқан Уәлиханов және Ғұмар Қараш көшелерінің қиылысындағы тасжол опырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдік баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бүгінде аумақ қоршауға алынды. Опырылған жерді жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Әкімдік мәліметінше, тасжол "мердігерлік ұйым диаметрі 300 миллиметр СДР 17 құбырын тесу әдісімен төсеу кезінде технологиялық процесті сақтамауына байланысты" опырылған. Салдарынан нөсерлік кәріз коллекторы су астында қалып, тасжол опырылған. 

"Мердігер ұйым жауапқа тартылады. 19 сәуірде әкімдік, Elorda Eco System МКК ШЖҚ, сондай-ақ ЖП ӘПБ басқармалары жол төсемін қалпына келтіру жұмыстарын жүргізеді", - деді Нұр-Сұлтан әкімдігінің баспасөз қызметінің өкілдері. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 482.33   552.93   5.68 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети