10 ақпан 2021 | 13:49

Нұр-Сұлтанда Тәуелсіздік көпірінің құрылысы қашан аяқталады?

Тәуелсіздік даңғылындағы көпірдің эскизі. Иллюстрация: astana.gov.kz

Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов Тәуелсіздік даңғылындағы көпірдің құрылысы неге ұзаққа созылғанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов Тәуелсіздік даңғылындағы көпірдің құрылысы неге ұзаққа созылғанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, көпір құрылысын аяқтау 2022 жылға жоспарланған.

"2019 жылы екі компания өзара дауласты, тендер ашық өтті. Олар дауласып Жоғарғы сотқа жетті, сосын пандемия басталып, металл қымбаттап кетті. Сондықтан жоба ескіріп қалды. Біз жобаны қайта қарадық. Бастапқыда керме көпір жоспарланған болатын. Бірақ онда металл конструкциясы көп болды. Металдың 30 пайыздан артық қымбаттағанын ескерсек, бұл соманы жеткізу мүмкін болмады. Көпірді қайта жобалап жатырмыз", - деді Көлгінов есеп беру кездесуінде.

Реклама
Реклама

Әкім жобалауға бөлек ақша жұмсалмағанын мәлімдеді.

"Көпір темірбетоннан жасалады, конструкциясы берік болады. Жобалауды көктемде аяқтаймыз, содан кейін құрылыс-монтаж жұмыстарына жариялаймыз (конкурс - автор.). Менің ойымша, ол кем дегенде бір жылда салынады. Биыл бастасақ, 2022 жылы аяқтауды жоспарлап отырмыз. Бұл көпір өте қажет, ол сол және оң жағалаудағы көлік ағынын айтарлықтай жеңілдетеді", - деді Көлгінов.

Көпір салынатыны 2018 жылы белгілі болған. Құрылыс 2019-да басталып, екі жылда аяқтау жоспарланған. Алайда сәулет басқармасы өкілдері қаржыландыру көзіне байланысты жоспар өзгеруі мүмкін екенін атап өткен. 

Көпірдің алғашқы жобасы мынадай болған:

Кейін 2020 жылдың қазанында әкімдік Тәуелсіздік даңғылындағы көпірдің жаңа эскизін көрсетті

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная