28 қазан 2020 13:16

Нұр-Сұлтандағы жаңа көпірдің эскизі пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Нұр-Сұлтан қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы © Нұр-Сұлтан қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы

Нұр-Сұлтандағы Тәуелсіздік даңғылындағы көпірдің жаңа эскизі пайда болды, оның құрылысы 2021 жылы басталады. Бұл туралы қалалық сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасындағылар айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Нұр-Сұлтандағы Тәуелсіздік даңғылындағы көпірдің жаңа эскизі пайда болды, оның құрылысы 2021 жылы басталады. Бұл туралы қалалық сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасындағылар айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жаңа көпір Тәуелсіздік сарайынан Керей, Жәнібек хандар көшесіне дейін жалғасады және елорданың көлік ағынын айтарлықтай жеңілдетеді дейді басқармадағылар.

Көпір сегіз жолақты болады. Жолдың жүру бөлігінің жалпы ұзындығы - 910 метр, ені - 350 метр, шамдардың биіктігі - 5 метрден 16 метрге дейін.

"Тәуелсіздік даңғылы жалғастыратын жаңа көпір елордамыздың мәдени тарихын бейнелейді. Оның сол және оң жағалауды жалғап, әкімшілік орталықтан жаңа теміржол вокзалына дейін жол жүру уақытын қысқартып, жолаушылар ағынын жеңілдететіні маңызды", - дейді Нұр-Сұлтан урбанистика орталығының басшысы Елнар Базыкен.

Ведомстводағылар жаңа көпірде кең тротуарлар мен велосипед жолақтарын жасауға уәде береді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети