09 қаңтар 2022 15:49

Нұр-Сұлтанда ТЖ режимін сақтамаған 64 адам ұсталды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда ТЖ режимін бұзған 64 тұрғын мен бір бар анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық Полиция департаменті мәліметіне сілтеме жасап.


Нұр-Сұлтанда ТЖ режимін бұзған 64 тұрғын мен бір бар анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық Полиция департаменті мәліметіне сілтеме жасап.

ПД мәліметінше, елордада жағдай тұрақты. Құқық қорғау органдары қоғамдық тәртіп пен тұрғындар қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыс істеп жатыр. Нұр-Сұлтанда жағдай бақылауда. Тәулік бойы алты блок бекетте күмәнді адамдар мен тыйым салынған заттарды анықтау бойынша көліктерді тексеру жүргізіліп жатыр.

"ТЖ жарияланғаннан бері режимді бұзған немесе ТЖ-да енгізілген талапты орындамау бойынша 64 дерек тіркелген. Оларға қатысты соңғы шешімді сот шығарады", - делінген ведомство хабарламасында.

Полицейлер пәтер, аула аралап, елордаға заңсыз келіп, тұрып жатқан шетел азаматтарын тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

"Бір тәулікте қалада 13 қылмыс, 62 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Зардап шеккендер жоқ. 311 әкімшілік құқық бұзу дерегі анықталды.

Сембинов көшесіндегі "Гастробар" әкімшілігі коменданттық сағат режимін сақтамағаны анықталды. ТЖ жағдайындағы талаптарды елемеген бар иесі үстінен бірден екі әкімшілік іс қозғалды. Барды лицензиясынан айыру мәселесі де қаралады", - деді ПД өкілі.

Елорда коменданты Ержан Сәденов тұрғындарды тыныштық және тәртіп сақтауға шақырды. Сондай-ақ, ол қалада коменданттық сағатты бұзғандар "қатаң жазаланатынын" айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Алматыда нөсер жауады

Валюта бағамы

 471.89   490.7   5.39 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети