Нұр-Сұлтанда түнде жолда жүрген бұқа видеоға түсірілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда түнде жолда жүрген бұқа видеоға түсірілді Иллюстрациялық фото: elements.envato

Нұр-Сұлтан тұрғындары көшеде жүгіріп жүрген бұқаны видеоға түсіріп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтан тұрғындары көшеде жүгіріп жүрген бұқаны видеоға түсіріп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, куәгерлер жолда бұқа жүргенін 18 шілдеде түнгі сағат 03.20-да хабарлаған. 

"Полиция қызметкерлері жол қозғалысына кедергі келтіріп, апатты жағдай туғызған жануарды жолдан айдап шықты. Полицейлер бұқаны Иманов көшесіндегі үйдің ауласына байлап қойды", - деді полиция өкілдері. 

Полицейлер бұқаны 29 жастағы ер адам Құрбан айтқа әкелгенін, бірақ жануар қашып кеткенін хабарлады. Ер адамға әкімшілік хаттама толтырылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети