22 маусым 2021 | 11:55

Нұр-Сұлтанда үнді штамы туралы жаңа мәліметтер жарияланды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Турар Казангапов Фото: Tengrinews.kz/Турар Казангапов

Нұр-Сұлтанда үнді штамы науқастардың 56 пайызында алдын ала расталды. Олардың сынамалары қосымша тексеруге жіберілген. Бұл туралы елорда әкімдігінде айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Нұр-Сұлтанда үнді штамы науқастардың 56 пайызында алдын ала расталды. Олардың сынамалары қосымша тексеруге жіберілген. Бұл туралы елорда әкімдігінде айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"COVID-19 жұқтыру жағдайлары күрт өскенін және үнді штамын жұқтыру ықтималдығын ескере отырып, Нұр-Сұлтанда қосымша тексеруге 54 науқастан сынама алынды. Оның ішінде пациенттердің 56 пайызынан (30 адам - ескерт.) үнді штамын жұқтыру ықтималдығы анықталды ("дельта" штамы). Мутацияның бұл түрі ең жұқпалы және тез таралады", - делінген хабарламада.

Әкімдік мәліметі бойынша, елордада қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қосымша карантин шектеулері енгізіледі. Коронавирустың таралуына жол бермеу шаралары елорда әкімі Алтай Көлгіновтің басшылығымен қалалық штаб отырысында қаралған.

"Мутацияның жаңа түрі ең қауіпті, өйткені өлім қаупі жоғары, адамның иммунитетіне қатты әсер етеді. 54 науқастың 39 пайызынан ұлыбританиялық штамм анықталған. Үнді және ұлыбританиялық штамм жұқтырған пациенттердің 80 пайыздан астамында клиникалық белгі байқалады. 20 науқас ауруханаға жатқызылды, 20 пайызында белгілер жоқ, бір науқас ауруханаға жатқызылды. Көбі дәрігер көмегіне жүгінген. Алты жағдай Ресей, Ауғанстан, Түркістан, екеуі Ақмола облысынан, ШҚО-дан келгендерде тіркелген", - деді Нұр-Сұлтанның бас санитария дәрігері Сархат Бейсенова.

Елорда әкімі Алтай Көлгінов коммуналдық қызметтердің, құрылыс компанияларының басшыларымен, мектептер, балабақшалар, колледждер, СОО, базарлар директоры және басқа да ірі кәсіпорындар өкілдерімен кездесті. Ол адамдар қауіпсіздігін қамтамасыз ету және коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында ұжымдарды вакциналау қажетін еске салды. Ұжымдық иммунитет қалыптасқанда ғана олардың қызметі тоқтатылмайды. 

Бұған дейін Алексей Цой Нұр-Сұлтанда тіркелген коронавирус деректерін тексеру барысында "дельта" немесе үнді штамының белгілеріне ұқсас жағдайдың тіркелгенін айтқан болатын. Министр бұл штамның өзгелерден айтарлықтай ауыр екенін ескертіп, осыған байланысты өңірлерден дәрі-дәрмек пен медициналық көмекке қажетті барлық жабдықпен қамтылуды сұрады. 

Айта кетейік, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің елде "үнді" штамның болу ықтималдығын анықтағаны хабарланған еді.

"Дельта" немесе үнді коронавирус штамы аса контагиозды және анықталған штамдарға қарағанда жұқпалылығы 60 пайызға жоғары, қазіргі айналымдағы штамдар 1 адамнан орта есеппен 3-4 адамға таралатын болса, бұл штамм 5-6 адамға бірден жұғады және 7 күнге созылатын қысқа инкубациялық кезеңмен сипатталады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети