23 сәуір 2019 09:51

Нұр-Сұлтанда вокзал мен әуежай арасында жерүсті метросын салуға 2 миллиард доллар қажет

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

Үкімет жерүсті метросының құрылысына ақша іздеуге кірісті, - деп хабарлайды КТК арнасы. Бірақ қаржының қашан табылатыны белгісіз. Десек те, шенеуніктер құрылысты қалай да бітіреміз деп сенімді түрде айтып отыр.


Үкімет жерүсті метросының құрылысына ақша іздеуге кірісті, - деп хабарлайды КТК арнасы. Бірақ қаржының қашан табылатыны белгісіз. Десек те, шенеуніктер құрылысты қалай да бітіреміз деп сенімді түрде айтып отыр.

"Бұл жобаны әрі қарай жүргізу қажет. Қазір мемлекеттік Қытай банкімен қазір тиісті келіссөздер жүргізілуде. Бұны әрі қарай іске асыру үшін Қазақстанның ішінен тиісті қаржыны табамыз", - деді қаржы министрі Әлихан Смайылов.

Құрылыстың тоқтап қалғанын өткен аптада Елорда әкімі премьер-министрге жеткізген еді. Бұған Қытайдың даму банкі бөлген ақшаның таусылуы себеп. Қазір метроны салып жатқан қытайлық консорциум уәде етілген қаржының кезекті бөлігін күтіп отыр. Әйтсе де, тоқтап қалған құрылыстың қашан жанданатыны белгісіз.

Айта кетейік, "Нұрлы жол" вокзалы мен әуежай арасын жалғауы тиіс тиіс жоба он жыл бұрын бекітілген еді. Алайда 2 миллиард долларға бағаланған 22 шақырымдық метро жолының қазір бетондары ғана қалқайып тұр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети