ПОДЕЛИТЬСЯ
29 маусым 2022 | 15:53
Нұр-Сұлтанда Volga Dnepr Airalines ұшағына қойылған шектеу алып тасталды
Volga Dnepr Airalines әуекомпаниясының ұшағы Нұр-Сұлтан әуежайынан босатылды. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Volga Dnepr Airalines әуекомпаниясының ұшағы Нұр-Сұлтан әуежайынан босатылды. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Әкімшілік іс қозғалды, кедендік ресімдеу жүргізілді, сондықтан ұшақ шығарылды және елорда әуежайынан ұшып кетті", - деді МКК өкілдері.
Еске салайық, 26 маусымда сағат 13.40-та елорданың "Нұрсұлтан Назарбаев" халықаралық әуежайында Үрімші - Нұр-Сұлтан - Мәскеу бағытындағы РА-82074 ұшағы қонғаны айтылды. Ұшақ экипажы мен олардың өкілі кедендік құжаттарды, кедендік операцияларды жүргізу үшін мәліметті дер кезінде ұсынбаған. Сондықтан кеме ұшудан шектелгені айтылған болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также