29 маусым 2022 13:55

Нұр-Сұлтанда Volga Dnepr Airlines ұшағы ұшудан шектелді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ан-124 ұшағы/МКК баспасөз қызметі Ан-124 ұшағы/МКК баспасөз қызметі

Volga Dnepr Airalines әуекомпаниясының ұшағына қатысты Мемлекеттік кірістер комитеті пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Volga Dnepr Airalines әуекомпаниясының ұшағына қатысты Мемлекеттік кірістер комитеті пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

26 маусымда сағат 13.40-та елорданың "Нұрсұлтан Назарбаев" халықаралық әуежайында Үрімші - Нұр-Сұлтан - Мәскеу бағытындағы РА-82074 ұшағы қонды.

"Әуежайдың жерүсті қызметі дереу "Әуежай Астана" кеден бекетінің қызметкерлерін хабардар етті. Алайда кеме экипажы мен олардың өкілі кедендік құжаттарды, кедендік операцияларды жүргізу үшін мәліметті дер кезінде ұсынбаған. Сондықтан әуекомпанияға қатысты 538-бап "Кедендік декларацияны, құжаттар мен мәліметтерді беру мерзімдерін бұзу" бойынша әкімшілік іс қозғалды. Онда жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл қарастырылған", - деді ведомство өкілдері.

Сондай-ақ, комитет кеден заңнамасына сәйкес тасымалдаушы хабарлама алған сәттен бастап кеден органының жұмыс уақытына сай үш сағат ішінде көлік құралына кедендік декларацияны толтыруға міндетті екенін атап өтті.

"Әуекомпания өкілдері заңбұзушылықты растады, кінәлілерді жауапкершілікке тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Әуекемесі әкімшілік жауапкершілікке тартылып, көлік құралына кедендік декларацияны толтыру бойынша барлық кедендік операциялар аяқталған соң шығарылады", - деді баспасөз қызметі өкілдері.

Мемлекеттік кірістер комитеті бұл заңбұзушылық кедендік әкімшілендіру саласында кең таралғанын және саяси астары жоқ екенін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети