Нұр-Сұлтанда және бірнеше облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда және бірнеше облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтанда және үш облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда және үш облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтан қаласында 14 қазанда түнде және таңертең тұман күтіледі, таңертең және күндіз оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр.

14 қазанда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыс жел соғады, түнде кей жерлерде күші секундына 15-20 метр, күндіз күші 15-20, кей жерлерде екпіні секундына 25 метр күтіледі. 

Петропавл қаласында 14 қазанда оңтүстік-батыстан жел соғады күші секундына 15-20 метр күтіледі.

14 қазанда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, оңтүстіктен соғатын жел батысқа ауысады, күші секундына 15-20 метр күтіледі.

Қостанай қаласында күндіз 14 қазанда оңтүстіктен соғатын жел батысқа ауысады, екпіні секундына 15-20 метр күтіледі.

14 қазанда Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші кей жерлерде секундына 15-20 метр сақталады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады

Валюта бағамы

 522.24  course up  611.66  course up  6.55  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети