Нұр-Сұлтанда заңсыз митингіге шыққан 50-ден аса адам ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда заңсыз митингіге шыққан 50-ден аса адам ұсталды

Нұр-Сұлтан полиция департаментінің басшысы Ерлан Саданов 21 қыркүйекте заңсыз митингіде ұсталғандар туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтан полиция департаментінің басшысы Ерлан Саданов 21 қыркүйекте заңсыз митингіде ұсталғандар туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"21 қыркүйекте рұқсат етілмеген митингілер өткізуге шақырулар болды. Прокуратураның бірнеше рет ескертулеріне қарамастан, жекелеген адамдар арандатушылық шақыруларға ұшырап, басқа азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігіне қауіп төндіріп құқыққа қарсы әрекеттер жасай бастады. Осыған байланысты, ішкі істер органдары қоғамдық тәртіпті бұзудың жолын кесу бойынша заңда көзделген шараларды қабылдады", - деді Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің басшысы Ерлан Саденов ІІМ-де өткен брифингте.

Оның айтуынша, қоғамдық тәртіпті бұзған, көлік қозғалысын тұрақсыздандырған, сондай-ақ қызметкерлерге бағынбаған және қарсылық көрсеткен заңсыз шеруге қатысушылар жеткізілді.

 "Тәртіп бұзушыларды ұстау кезінде арнайы құралдар қолданылған жоқ. Нұр-Сұлтан қаласында 50-ге жуық тәртіп бұзушы жеткізілді. Олардың төртеуі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қалғандары профилактикалық әңгімелесуден кейін үйлеріне қайтарылды", - деді Ерлан Саденов.

Осыған дейін, елордада және Алматыда заңсыз митингіге шыққан 57 адам ұсталғаны туралы айтылған еді.

Әлеуметтік желіде қыз баланың ұсталғаны видеоға түсірілді. Полицейлер оның кәмелет жасқа толғанын айтты. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети