Нұр-Сұлтанда зейнеткерлерге арналған демалыс орталығы ашылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда зейнеткерлерге арналған демалыс орталығы ашылды Фото: Александр Куприенко

Нұр-Сұлтанда зейнеткерлерге арналған Қалалық ардагерлер орталығы ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда зейнеткерлерге арналған Қалалық ардагерлер орталығы ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Орталық Достық көшесі 13 мекен-жайында орналасқан. Бұл туралы әкім Алтай Көлгінов Instagram-парақшасында жариялады.

"Демалыс орталығында егде жастағы адамдар жаттығу залдарында спортпен тегін айналысып, түрлі үстел ойынымен уақыт өткізе алады. Сондай-ақ, компьютермен жабдықталған бөлмелер мен акт залы бар", - деп жазды ол.

Оның айтуынша, мұндай орталық зейнеткерді денсаулығын күтуге ғана емес, өз ортасында белсенді өмір сүруіне де ынталандырады.

Сонымен қатар, төрт тұрғын үй ауласында (Өндіріс, Көктал, Ильинка, Железнодорожный) дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысы жүргізіліп жатыр.

Нұр-Сұлтан қаласының шет аудандарында 4 дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынады.

"Елорданы "Нұр-Сұлтан - жайлы қала" жоспары аясында дамытып жатырмыз. Бұл аудандар полицентрлік сипатқа ие болады және түрлі жас өкілдерінің қажеттіліктері мен қызығушылақтары ескеріледі", - деді Көлгінов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети