Нұр-Сұлтанда жол қозғалысы ережесін 98 рет бұзған жүргізушіге 6 миллион теңге айыппұл салынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда жол қозғалысы ережесін 98 рет бұзған жүргізушіге 6 миллион теңге айыппұл салынды © cars.com

Нұр-Сұлтанда жол қозғалысы ережесін 98 рет бұзған жүргізушіге 6 миллион теңгеден аса айыппұл салынған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

3 желтоқсанда елордалық полицейлер Volvo XC90 автокөлігін тоқтатқан. 

"Бейнебақылау камералары мониторинг жүргізу кезінде осы автокөлік жол қозғалысы ережесін бұзғанына байланысты тоқтатылған. Тексеру барысында, осы автокөлікпен ЖҚЕ бұзу бойынша 98 дерек тіркеліп, 6 миллион 95 мың 350 теңге айыппұл салынған", - деді департаменті өкілдері. 

Сондай-ақ, 49 рет ЖҚЕ бұзған Lexus LX 570 автокөлігі тоқтатылған, оған 2 миллион 489 мың 650 теңге айыппұл салынған. 

Автокөліктер айып тұрағына жеткізілген. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети