Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов орталық темір жол ауруханасының мәселесін қалай шешетіндерін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов орталық темір жол ауруханасының мәселесін қалай шешетіндерін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Шешілмеген мәселелер бар. Қазіргі уақытта 1959 жылы салынған орталық темір жол ауруханасы негізгі мәселелердің бірі болып отыр. Оның корпусы апатты жағдайдың алдында тұр. Құрылғылардың 45 пайызының тозығы жеткен", - деді Көлгінов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен әкімдікте өтіп жатқан жиналыста.
© Elorda.info
Қала басшысының айтуынша, үкіметтік деңгейде түркиялық инвесторлармен келіссөздер жүргізілген.
"Ол өз қаражатынан салатынын жеткізді. Біз жер телімін таңдап қойдық, онда саяжайлардың орны. Сүріп тастаймыз. Келесі жылы біз ол жерді инвесторға дайындаймыз. Ол құрылысты бастауға дайын. Бұл жағдай 600 науқасқа арналған ауруханасының мәселесін шешеді", - деді әкім.
Айта кетейік, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінде елорданың дамуы бойынша Президент Қасы-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен жиналыс өтіп жатыр.