Нұр-Сұлтандағы жаңа мешітте өрт шықты деген ақпарат расталмады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтандағы жаңа мешітте өрт шықты деген ақпарат расталмады Фото ©Tengrinews.kz

Нұр-Сұлтандағы жаңа мешітте өрт шыққаны туралы қауесет қазақстандықтарды дүрліктірді. Алайда Төтенше жағдайлар министрлігі мәліметінше, мешіт аумағында ешқандай өрт болған жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтандағы жаңа мешітте өрт шыққаны туралы қауесет қазақстандықтарды дүрліктірді. Алайда Төтенше жағдайлар министрлігі мәліметінше, мешіт аумағында ешқандай өрт болған жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Редакцияға Нұр-Сұлтанда салынып жатқан мешіт құрылысынан қою түтін шығып жатқаны туралы хабарлама түсті. Тілші айтылған орынға барғанда, ештеңе байқалмаған. Мешіт ғимаратында өрт шықаны туралы ақпарат расталмады.

Қазақстан ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли мешіттегі өрт туралы ақпаратты жоққа шығарды.

"Өрт туралы ақпарат 101 пультіне түскен жоқ. Мен өзім көз жеткізу үшін бұл аймаққа келдім. Көріп отырғандарыңыздай, құрылыс жұмыстары жүріп жатыр және ешқандай өрт жоқ. Ресми түрде мәлімдейміз", - деді Талғат Уәли.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети