02 ақпан 2021 | 20:42

Нұр-Сұлтандағы карантин бойынша жаңа қаулы шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігері Сархат Бейсенованың карантин туралы жаңа қаулысы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігері Сархат Бейсенованың карантин туралы жаңа қаулысы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жаңа қаулыға сәйкес, Астанада сауда және ойын-сауық орталықтарының, кафелер мен мейрамханалардың, фитнес-орталықтардың, автобустар мен базарлардың жұмыс кестесі өзгереді.

Қаулы бойынша, мынадай талаптарды сақтау көзделген: 

1.1. ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, еске алу іс-шараларын, оның ішінде үйде (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу), митингілер, шерулер, жиындар және  т. б. өткізуге тыйым салу;

1.2. міндетті түрде 2 метрден кем емес әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, жеке тәртіппен және 5 адамнан аспайтын топпен тек ашық ауада спорттық жаттығулар өткізуге рұқсат беру;

1.3. бір отбасы мүшелерінен немесе 3 адамнан аспайтын топтардан басқа, табиғатқа экскурсиялық, корпоративтік, топтық шығуларды ұйымдастыруға және қаланың көрікті жерлеріне шолу жасауға тыйым салу;

1.4. қызметі жаңартылмаған объектілерге: бильярд, караоке, боулинг-орталықтарға, батуттар, компьютерлік клубтарға, түнгі клубтарға, букмекерлік кеңселер мен ойын клубтарына, оның ішінде лотерея ұтыстарына, жабық ғимараттардағы ойын алаңдары мен аттракциондарға, спорттық объектілерде орналасқандарды қоспағанда, оның ішінде  мұзды және роликті сырғанақтарға баруға тыйым салу;

1.5. 65 жастан асқан адамдардың қала және қоғамдық орындар бойынша жүріп-тұруына шектеу;

1.6. қоғамдық орындарға, оның ішінде қалалық қоғамдық көліктерге, қызметіне рұқсат етілген объектілерге барған кезде, сондай-ақ қоғамдық орындарда ашық ауада болған кезде (ашық ауада спортпен шұғылдану кезінде және 5 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда) бетперде кию, қашықтықты сақтау және антисептиктерді пайдалану жөніндегі талаптарды қатаң сақтау.

"Сауда-ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, сауда орталықтарының жұмысын күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, бір келушіге 4 м2 есебінен жобалық қуаттың 30%-нан аспайтын толымдылығын сақтаған кезде, рекреация аймақтарында және демалыс аралдарында сатып алушылардың болуын қоспағанда, осы Қаулыда белгіленген жұмыс уақыты өткеннен кейін сатып алушылардың сауда залында болуына тыйым салумен жұмыс және сенбі күндері сағат 10:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс кестесін белгілей отырып және жексенбі күндері (оларда орналасқан дәріханалар және тамақ өнімдері мен бірінші қажеттіліктегі заттарды сататын шағын маркеттерді, супермаркеттерді және гипермаркеттерді қоспағанда) жұмыстарына тыйым салумен ұйымдастыру. Бұл ретте көрсетілген объектілерде және олардың аумақтарында орналасқан аттракциондардың, балалардың ойын алаңдарының, мұзды және роликті сырғанақтардың, ойын орталықтарының жұмысына қатаң тыйым салынады. Фудкорттардың жұмысы өздігінен алып кетуді қоспағанда, курьерлік жеткізуге ғана рұқсат етіледі. Карантин және шектеу шараларын бұзу фактісі болған кезде жұмыстарына тыйым салуды қамтамасыз ету" - делінген қаулыда;

Жаңа қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

2 ақпандағы жағдай бойынша Нұр-Сұлтан қаласы ШҚО, Атырау, Қостанай және Қарағанды облыстарымен бірге "сары" аймақта орналасқан. "Қызыл" аймақта - Ақмола, Батыс Қазақстан, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары тұр.

Жаңа қаулының толық мәтінін мына сілтемеден оқи аласыздар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети