20 маусым 2020 | 15:38

Нұр-Сұлтандағы коронавирус. Көлгінов қосымша шаралар туралы айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: Tengrinews.kz Сурет: Tengrinews.kz

Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов астанада коронавируспен күресу үшін қолданылатын қосымша шаралар туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов астанада коронавируспен күресу үшін қолданылатын қосымша шаралар туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол өзінің Instagram желісіндегі парақшасында қалалық және жекеменшік емханалар мен ауруханалардың бас дәрігерлерімен, зертханалардың және дәріханалардың басшыларымен онлайн-кездесу өткізгенін жазды.

"Вирус жойылып кеткен жоқ. Қазір ең бастысы — науқастарға арналған қосымша төсек-орындар дайындау, медициналық дәрі-дәрмек/құрал-жабдықтар қорын толықтыру", - деді ол. 

Бірінші. Зертханалар келесі аптаның басынан бастап жұмыс ауқымын арттырады. Мысалы, Invivo зертханасы тәулігіне тест санын 1 мыңнан 2 мыңға дейін көбейтеді. Олимп шамадан тыс жүктеме мен жүйені өңдеу қажеттілігіне байланысты сейсенбі күні жұмысын жалғастырады. Олардың жүктемесі артады. Бұл басқа зертханаларға да қатысты.

Екінші. Тестілеу режимінде мобильді зертханалардың жұмысын іске қосамыз. Бұл – тәулігіне тағы 1 мың тест. ПТР-тесттерді қабылдау және нәтижелерді өңдеу бір топ медицина қызметкерлеріне үйретілді. Осы бағыттағы жұмысты жалғастырамыз.

Үшінші. Дүйсенбі күні қосымша 200 төсек-орнын ашамыз. Сондай-ақ, басқа да мекемелерді стационарларға қайта бейімдейміз.

Төртінші. Травматология және ортопедия ҒЗИ, Ұлттық ғылыми медициналық орталық, Green Clinic сияқты Республикалық клиникалармен КТ өткізу мүмкіндігін бекіту туралы келісімге қол қойдық.
Бұл пневмонияны ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге қосымша компьютерлік томография мен өкпені жасанды желдету аппараттарын сатып аламыз.

Бесінші. Егер бұрын жедел жәрдемге 1 мыңнан астам өтініш келіп түссе, қазір 4 мыңға дейін жетіп отыр. Жедел жәрдем станциясы базасында ашылған колл-орталық жүктемені азайтуға мүмкіндік береді. Од барлық емханаларда болады. Бұл бағыттағы жұмыс күшейтіледі.

Алтыншы. Телемедицинаны пайдалану тәжірибесі жалғасып жатыр. Коронавирустың симптомсыз тасымалдаушыларын емдеу үшін медицина қызметкерлері бейнеқоңырау арқылы және басқа байланыс арналары арқылы денсаулықты қадағалайды және инфекцияның симптомсыз тасымалдаушыларына барлық мәселелер бойынша кеңес береді. Пациенттерде симптомдар пайда болған жағдайда ауруханаға жатқызылады.

Жетінші. Дәріханаларға қажетті дәрі-дәрмектер уақтылы әкелінуі тиіс. Өз тарапымыздан барлық қолдауды көрсетуге дайынбыз.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети