Қазақстандықтар Нұр-Сұлтан мектебінде балаларға жасырын екпе егілді деген ақпарат таратып жатыр. Қалалық Білім басқармасы бұл жалған ақпарат екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстандықтар Нұр-Сұлтан мектебінде балаларға жасырын екпе егілді деген ақпарат таратып жатыр. Қалалық Білім басқармасы бұл жалған ақпарат екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұған дейін Желіде бірнеше әйел мектептердің бірінің спорт залына қалай кіргені көрсетілген видео жарияланған. Видео авторы өзі журналист, ал жанындағы дәрігер Айна Бакеева екенін алға тартады. Сонымен қатар, видеода "балаларға ата-анасының рұқсатынсыз вакцина салынды" деген дауыс естіледі.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Балаларға жасырын екпе салынды деген жалған ақпарат мессенджерлер арқылы таралған, деп жазады StopFake.
StopFake.kz
Бұл ақпаратқа қатысты астаналық Білім басқармасының баспасөз қызметі пікір білдірді. Ведомство мәліметінше, №58 мектеп-гимназиясына үш әйел келіп, директормен кездесуді сұраған.
"Бастапқыда үшеуі де өзін мектеп оқушыларының ата-анасымыз деп таныстырған. Вахтаға тіркелгеннен кейін олар міндетті түрде бетперде тағу және Ashyq қосымшасы арқылы мәртебені тексеру талаптарын елемеген.
Бакеева мектеп аумағында жанжал шығарды. Бакеева және бірге келген екі тұрғынның басты мақсаты – мектептерде балаларға міндетті вакцинация жүргізілді деген тақырыппен әлеуметтік желілерде дүрбелең тудыру. Біз мұндай ақпараттың жалған екенін бірнеше рет хабарлағанбыз", - деді ведомство өкілдері.
Ведомство мәліметінше, денешынықтыру сабағынан кейін 9-сынып оқушысының жағдайы нашарлаған.
"Осы кезде мектеп медбикесі оқушыға көмек көрсетті, бірақ Бакеева ережелерді бұзып, өзін оқушыға жіберуді талап еткен. Ол видеоға түсірмеу туралы өтінішті елемеді, ал бұл - баланың құқығын бұзу. Мектептің кезекші дәрігері оқушыға алғашқы көмек көрсетті.
Бакеева және онымен бірге жүрген адамдардың дөрекі қылығы ескеріліп, мектепке полиция шақырылды. Олардың заңсыз әрекеті бойынша полицияға арыз жазылды", - деп толықтырды баспасөз қызметі өкілдері.
Ведомство мектептерде балаларға екпе егілетіні туралы ақпарат жалған екенін мәлімдеді.
"Білім беру ұйымдарында балаларға коронавирусқа қарсы екпе салу жүргізілмеді және жүргізілмейді", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!