Нұр-Сұлтанда Оқушылар сарайының бұрынғы директоры Ербол Іргебай 58 жасында қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қаралы хабарды мәслихат депутаты Мирас Шекенов естіртті.
Нұр-Сұлтанда Оқушылар сарайының бұрынғы директоры Ербол Іргебай 58 жасында қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қаралы хабарды мәслихат депутаты Мирас Шекенов естіртті.
"Қаралы хабар. 5 ақпанда Оқушылар сарайының директоры, тамаша педагог әрі жарқын адам Ербол Іргебай өмірден өтті", - деп жазды депутат Facebook-те.
Өлім себебі хабарланбады.
Ербол Іслямұлы Іргебай 1962 жылы 5 қыркүйекте дүниеге келген. 2019-жа жылдың үздік мұғалімі ретінде "Халық сүйіктісі" ұлттық сыйлығының иегері атанды.
Әлеуметтік желіде Ербол Іргебайдың жақындары мен әріптестері оның игі істерін еске алып жатыр.
"Құдайдың құтты күні, әр күні әр түрлі тілек жазатын еді... "Адал өмір сүр, ешкімнің ала жібін аттама", деп. Тұлғалардың тағлымды сөздерін еске салып, үлгі ретінде қоса жазатын... Сол бір тілек арқылы да айналасын тәрбиелеп кетті...", - дейді марқұмның әріптесі Динаш Мұхтар.
"Жақсылардың жақсысы. Жүзі жылы жақсы адам. Ол туралы ешкімнің жаман сөз айтқанын естімеп едік. Бақұл болыңыз, Жан Аға!!! Ерекемдей асыл адам өтті өмірден. Ербол Іргебай ағамызды енді жоқ дегенге қалай сенерсің...", - дейді Серікқазы Кәкібаланов.
Tengrinews.kz редакциясы Ербол Іргебайдың отбасы мен жақындарына көңіл айтады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!