Нұр-Сұлтандағы "Сергек" камералары ережебұзушылықтың тағы бір түрін тіркейтін болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтандағы "Сергек" камералары ережебұзушылықтың тағы бір түрін тіркейтін болды

Елордада "Сергек" камералары жол қозғалысы ережелерін бұзудың тағы бір түрін тіркей бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Нұр-сұлтан ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елордада "Сергек" камералары жол қозғалысы ережелерін бұзудың тағы бір түрін тіркей бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Нұр-сұлтан ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Нұр-Сұлтандағы 26 реттелетін жаяу жүргіншілер өткелінде "бағдаршамның тыйым салатын сигналына өту" ересін бұзғандарды анықтау бойынша "Сергек" камераларының қосымша функциясы әзірленіп, енгізілді. Бұл жаңашылдық "Жолдардағы балалардың қауіпсіздігі" жедел алдын алу іс-шарасы аясында енгізілді", - делінген ақпаратта.

Полиция өкілдері 2021 жылы қаланың жаяу жүргіншілер өткелінде 98 жол-көлік оқиғасы болғанын атап өтті. Оның салдарынан 95 адам түрлі дәрежедегі жарақат алған.

Полиция департаменті өкілдері жол қозғалысының барлық қатысушысына бір-біріне өзара құрмет көрсетуді, ал жүргізушілерге абай болуды және жаяу жүргіншіні көргенде жылдамдықты төмендетуді сұрады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети