Нұр-Сұлтандағы түлкілер: мамандар қаланы аралап шықты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтандағы түлкілер: мамандар қаланы аралап шықты Фото:elements.envato.com

Нұр-Сұлтанда түлкілер жүргені туралы ақпаратқа байланысты патрульдеу ұйымдастырылды. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда түлкілер жүргені туралы ақпаратқа байланысты патрульдеу ұйымдастырылды. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

8 наурызда Есіл аудандық полициясының учаскелік полиция инспекторынан қала орталығында түлкілер жүргені туралы ақпарат келіп түскені хабарланды.

"Ақмола облыстық Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мамандары көрсетілген аумақты тексеріп шықты, түлкілер табылмады. Қазіргі уақытта Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің ұйымына бағынысты күштермен қаланы патрульдеу жұмыстары ұйымдастырылып жатыр", - деді комитет өкілдері.

Айта кетейік, жабайы жануар түсірілген видео Instagram желісінде пайда болған еді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Nur-Sultan | Астана (@astana_city)

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Нұр-Сұлтан қаласы аумағында жабайы жануарлар табылған жағдайда тұрғындардан жабайы және қараусыз қалған жануарларға жақындамауды және +7 777 182 39 01 телефонына хабарласуды сұрайды.

Еске салайық, Нұр-Сұлтанда екі тұрғын түлкі қауып алғанын айтып, дәрігерлерге жүгінген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети