Нұр-Сұлтандағы түнгі клуб карантинді 10 реттен көп бұзған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Нұр-Сұлтандағы түнгі клуб карантинді 10 реттен көп бұзған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Нұр-Сұлтан полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 2020 жылдың 6 қарашасында бірқатар мекемелерге карантинді бұзғаны үшін айыппұл салынған.
"Сағат 22:50-де қызметін санитарлық нормаларды сақтамай жүзеге асырған "Анкара" түнгі клубы анықталды. Мекемеде 50-ден аса адам демалып отырған. Сол түні сағат 23:30-да мобильді топ "Сова" караоке-клубын анықтады. 40 клиент әлеуметтік қашықтық пен санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды ұмытып, көңіл көтеріп, ән айтып жүрген", - деп хабарлады ведомство өкілдері.
"Алания" түнгі клубы карантин шараларын 10 реттен көп бұзған. Бұл жолы мекемеде 100-ге жуық адам жүрген.
"Бұл мекемелердің иелері тыйымды елемей, адамдардың денсаулығына қауіп төндірді. Оларға қатысты жиналған материалдар ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаты саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу" бойынша әкімшілік жауапқа тартылулары үшін тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жіберілді", - деп толықтырды полициядағылар.
Мобильді топ тәулік ішінде 274 кәсіпкерлік нысанды тексеріп, карантин режимін бұзудың 25 дерегін анықтады.
Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті мекеме иелері мен келушілердің жауапсыз әрекеттері инфекцияның таралуына әкелетінін ескертеді. Карантин режимін бұзушылар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапқа тартылады.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!