Нұр-Сұлтандағы зәулім тұрғын үйдің неден өртенгені белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Нұр-Сұлтандағы зәулім тұрғын үйдің неден өртенгені белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ІІМ ТЖК-нің ақпараты бойынша, өрттің себебі - жұмыстар атқару кезінде өрт қауіпсіздігі ережесінің бұзылуы ("BI Servis" ЖШС қызметкерлері шатырда жөндеу жұмыстарын істеген).
Кеше Нұр-Сұлтанда зәулім "Ұлыбритания кварталы" тұрғын үй кешені өртенгені хабарланған еді. Сағат 19:46-да бірінші өрт сөндірушілер келген уақытта үйдің шатыры өртеніп жатқан, жалын шарпыған аумақ шамамен 100 шаршы метр болған.
© Tengrinews.kz
Өрт түнгі 23:02-де сөндірілген. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Тұрғын үйдің шатыры мен төрт пәтері өртеніп, аумағы 600 шаршы метр болған.
© Tengrinews.kz