Нұр-Сұлтандық оқушыға II Елизаветадан хат келді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтандық оқушыға II Елизаветадан хат келді Фото: Расул Жұмабеков

Елордалық оқушы Расул Жұмабеков патшайым II Елизаветадан хат алды. Конвертте 16 жастағы жасөспірімнің 2020 жылдың соңында жіберген хатына жауап жазылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елордалық оқушы Расул Жұмабеков патшайым II Елизаветадан хат алды. Конвертте 16 жастағы жасөспірімнің 2020 жылдың соңында жіберген хатына жауап жазылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Расул алдымен патша отбасының тарихына қызыға бастаған. Кейін патшайымға хат азуды ұйғарған. 

"Интернетте бір видеоны көріп қалдым, онда ролик авторына патшайым Елизавета II-ден хат келеді. Осыдан кейін мен де өзім туралы, қазақстандық оқушы екенімді айтып, хат жазуға бел будым. Қазақ ұлттық хореография академиясында балетпен айналысатынымды, сондай-ақ, футбол, фортепианода ойнауға қызығатынымды жаздым. Хатта патшайымның денсаулығын сұрап, оған бар жақсылықты тіледім", - дейді Расул Жұмабеков.

Ол Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия патшайымы II Елизаветаға хатты 2020 жылдың қазанында жіберген, бірақ жауап күтпегенін айтады. Оны жолдағаннан кейін бақылау мүмкін болмаған соң, Расул конверт жоғалып кеткеніне сенімді болған.

"Маған жауап 6 қаңтарда келді. Патшайымның қолы қойылған жауапхатта ол менің хатыма өте риза болғанын, жағдайы жақсы екенін айтып, маған алғыс білдірді. Осы қиын-қыстау кезеңде маған және туған-туыстарыма жақсылық тіледі", - деді Расул.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 508.3  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети