Жыл сайын 50 мыңнан аса адам елордаға көшіп келеді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жыл сайын 50 мыңнан аса адам елордаға көшіп келеді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қала күн санап дамып жатыр. Биыл елордаға 22 жыл толады. Бастапқыда елорда болып құрылған уақытта халық саны 400 мың адам болатын. Қазір 1 миллион 200 мың адам. Халық саны артып келеді. Сол кезеңде 4,5 мың бала дүниеге келетін, қазіргі уақытта 25 мың бала дүниеге келеді. Бұл жақсы үдеріс. Балалардың дүниеге көптеп келгені бізге жақсы, отбасылар кеңейеді. Сондай-ақ ішкі көші-қон бар. Жыл сайын 50 мыңнан аса адам Астанаға көшіп келеді, соның есебінен халық саны да өседі", - деді қала әкімі халықпен есепті кездесуінде.
Көлгіновтің айтуынша, егер 2000 жылы елорда аумағы 300 мың шаршы метр болса, қазір ол үш есеге өсті.
"Қала өсіп келеді, көпір салу, инфрақұрылым көтеру, балабақша, мектеп салу керек. Біз Үкіметтің қолдауымен және орталық мемлекеттік органдармен бірге өмір сүруді жақсы ету үшін және біздің қаламыздың одан әрі өркендеуі үшін жұмыс істейміз", - деді әкім.
2019 жылы қазанда аймақ тұрғындарының елордаға көшіп-қонуы туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтқан еді. Мемлекет басшысы ішкі көші-қон үдерістеріне тиісті бақылаудың болмауы қаланың әлеуметтік инфрақұрылымына, ең алдымен медицина мен білім алуға жүктемені арттыруға алып келетінін атап өтті. Тоқаев ішкі көші-қон үдерістеріне бақылауды күшейтуді тапсырған еді.