Нұр-Сұлтанға қазақстандық туристер мінген 5 борт ұшып келеді

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанға қазақстандық туристер мінген 5 борт ұшып келеді "Хабар 24"

Бүгін түнде Нұр-Сұлтан қаласына қазақстандық туристер мінген 5 борт қонады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін түнде Нұр-Сұлтан қаласына қазақстандық туристер мінген 5 борт қонады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

"Туристік Қамқор" қорының мәліметінше, елордаға барлығы 5 борт қонады. Олармен БАӘ, Шри-Ланка, Үндістан және Мальдивте болған қазақстандықтар ұшып келеді. Тек Мальдивтен 500 адам оралады.

Туристерден мінген ұшақ бастапқыда Алматыға қонуы керек болатын. Алайда, Алматы әуежайының жұмысы жаппай тәртіпсіздікдерден кейін әлі қалпына келтірілген жоқ. Ұшып келетін азаматтарды күтіп алатын туған-туыстардан коменданттық сағат тәртібін бұзбау сұралды. Себебі барлық рейстер таңға жуық қонады.
 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети