ПОДЕЛИТЬСЯ
15 мамыр 2020 | 14:36
Нұр-Сұлтанға кіріп-шыға алатындардың тізімі жарияланды
Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі елордаға кіріп-шығуға рұқсат берілгендердің жаңа тізімін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімдік сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі елордаға кіріп-шығуға рұқсат берілгендердің жаңа тізімін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімдік сайтына сілтеме жасап.
Алгоритмге сәйкес, блок бекеттерде санитарлық-карантиндік бақылау жүргізіледі, қаладан шығуға-кіруге тыйым салынады. Жаңа алгоритмі 13 мамырдан бастап күшіне енді. Алайда төмендегі санатқа кіретіндерге шаһардан кіріп-шығуға рұқсат беріледі:
қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету ұйымдарының қызметкерлері;ТЖ режимі алынып тасталғаннан кейін өз жұмысын қайта бастаған ұйым қызметкерлері;
карантин аймағына, одан тыс жерлердегі саяжай учаскелеріне (қала сыртындағы үйлерге) бара жатқан азаматтар;
медициналық көрсеткіштер бойынша шығатын және келетін адамдар;
көктемгі егіс жұмыстарына жіберілген азаматтар;
Ақмола облысы Целиноград, Аршалы, Шортанды және Қорғалжын аудандарының тұрғындары;
ҚР басқа өңірлерінде тіркелген карантин аймақтарынан шығатын адамдар санитарлық блок бекеттен қажетті құжаттарды толтырғаннан кейін;
патрульдік полицияның қатысуынсыз жерлеу мақсатында карантин аймағынан өтетін азаматтар;
шетел азаматтары;
карантин аймағына немесе карантин аймағынан өздерінің кәмелетке толмаған балаларына бара жатқан азаматтар;
карантин аймағына немесе карантин аймағынан сырқат туыстарына күтім жасау мақсатында бара жатқан азаматтар;
әуе рейсімен бара жатқан азаматтар;
қалпына келтіру жұмыстары және су тасқынына қарсы іс-шараларға көмек көрсету үшін Түркістан облысына жіберілетін азаматтар;
азық-түлік және азық-түліктік емес тауарларының жүк көліктері;
транзит.
Показать комментарии
Читайте также