Нұр-Сұлтанға "омикрон" штамы анықталған елдерден 227 адам келген. Олардың бәрі үй карантиніне жатқызылған. Бұл туралы елорданың бас санитария дәрігері Сархат Бейсенова айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Нұр-Сұлтанға "омикрон" штамы анықталған елдерден келген 227 адам үй карантинінде. Олар тұрғылықты жері бойынша дәрігерлер бақылауында. Олардың бәрінің ПТР-сынамасы теріс", - деді Байсенова әкімдікте өткен брифингте.
Оның айтуынша, республика аумағына "омикрон" штамының әкелінуіне жол бермеу мақсатында 3 желтоқсаннан бастап 11 ел азаматтарының Қазақстанға келуіне шектеу қойылған.
"Омикрон" штамын жұқтыру жағдайлары анықталған елдерден - Израиль, Чехия, Нидерланды, Бельгия, Ұлыбритания, Италия, Германия, Австралия, Канада, Мысырдан келген адамдар вакцина алғанына қарамастан ПТР-сынама тапсыруы керек және 72 сағаттан кешіктірмей. Сонымен қатар, бұл елдерден келген адамдар ПТР сынамасының нәтижесіне қарамастан, 7 күн мерзімге үй карантинінде оқшаулануға жатады", - деді ол.
Бейсенова 227 азаматтың арасында шетелдіктер де бар екенін айтты.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!