03 тамыз 2015 | 15:34

Нұрәлі Әлиев Астананың бизнес-климатына жауап беретін болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрәлі Әлиев. © astana.gov.kz Нұрәлі Әлиев. © astana.gov.kz

Нұрәлі Әлиев Астананың бизнес-климатына жауап беретін болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. Бүгін Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков кезекті аппараттық жиын өткізіп, бірқатар тапсырма берді.


Иконка комментария блок соц сети

Нұрәлі Әлиев Астананың бизнес-климатына жауап беретін болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. Бүгін Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков кезекті аппараттық жиын өткізіп, бірқатар тапсырма берді.

Талқыланған мәселелердің бірі мемлекеттік қызмет көрсету сапасы болды. Әкімнің ойынша, қаладағы бизнес-климатты жақсарту үшін рұқсат беру процедураларын азайту керек. Мемлекеттік қызметтердің барлығы тек ХҚКО арқылы жүзеге асырылуы тиіс және сәйкесінше қызмет көрсету уақыты ұзақ болмауы керек.

"Бұл бағытта мемлекеттік қызмет көрсетудегі бизнес-процесстерді зерделеп, оларды оңтайландыру бойынша ұсыныстар енгізу үшін арнайы жұмыс тобын құру керек. Бұл жұмысқа бизнес-қауымдастықты, кәсіпкерлер палатасын тарту қажет. Бұл жұмыстарды басқаруды Әлиев Нұрәлі Рахатұлына тапсырамын. (...) Басты мақсат - Астананы бизнес жүргізу үшін еліміздегі ең қолайлы қалаға айналдыру. Бұл бағыттағы жұмыстардың маңыздылығын түсінбейтін және өз өкілеттігінен айрылғысы келмейтін басшылар жұмыстан босатылады", - деп мәлімдеді Астана әкімі жиын барысында.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.34   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети