17 шілде 2015 | 18:27

Нұрәлі Әлиев Милан мэріне Smart Astana жобасын көрсетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрәлі Әлиев Нұрәлі Әлиев

Астана әкімінің орынбасары Нұрәлі Әлиев Милан мэрін Smart Astana жобасымен таныстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Таныстыру Елорда күнінде EXPO көрмесін өткізу және ұйымдастыру бойынша тәжірибе алмасу мақсатында Қазақстан мен Италияның екіжақты серіктестігі аясында өткізілді.

Иконка комментария блок соц сети

Нұрәлі Әлиев "Smart емхана", "Smart мектеп", "Smart көшелерді жарықтандыру", "Smart payments" жобаларымен, сондай-ақ, қалалық әкімдіктің интеллектуалды байланыс орталығының жұмыстарын таныстырды. Ол EXPO-2017 көрмесіндегі ең бір ерекшелік "Smart көшені жарықтандыру" болуы мүмкін екенін айтты. Джулиано Пизапиа өз кезегінде қала әкімдігінің "ақылды" технологияны енгізгенінен әсер алғанын айтып, "Астана EXPO-2017" халықаралық көрмесінің ашылуына арналған жобалардың сәтті жүзеге асатынына сенім білдірді.

Еске сала кетейік, 2015 жылдың маусымында Нұрәлі Әлиев Будапешт қаласы мэрінің шақыртуымен Венгрия астанасына барып, бірнеше елдің басшыларымен келіссөз жүргізген болатын. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети