Нұрәлі Әлиев өкілетін тоқтатты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрәлі Әлиев өкілетін тоқтатты Фото: Марат Кураков/Астана әкімдігі/Kazpravda.kz

Нұрәлі Әлиев "Транстелеком" АҚ директорлар кеңесі төрағасы ретіндегі өкілеттігін тоқтатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Нұрәлі Әлиев "Транстелеком" АҚ директорлар кеңесі төрағасы ретіндегі өкілеттігін тоқтатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Нұрәлі Әлиев Instagram-да мәлімдеді. Оның айтуынша, акционерлер құрамынан шығып, компания сатылуына байланысты директорлар кеңесі төрағасы ретіндегі өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдаған.

"Транстелеком" - қазақстандық ірі байланыс операторларының бірі, телекоммуникация және IT-қызметтермен айналысады. Forbes мәліметтері бойынша Unit Telecom арқылы компания акцияларының 75 пайызына иелік етушілер - Нұрәлі Әлиев пен Дмитрий Покупателев. Қалған 25 пайызы "Қазақстан темір жолында". Бұрын компания мемлекетке тиесілі болды. 2015 жылы "Транстелеком" 9 миллиард теңгеге жекешелендірілгені хабарланды.

2022 жылғы сәуірде Үкіметке "Транстелекомды" сату жөніндегі мәміле салдарынан мемлекетке келтірілген залал мәселесін зерттеу ұсынылды.

Айта кетейік, Нұрәлі Әлиев - Дариға Назарбаеваның ұлы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 497.69  course down  588.2  course down  6.46  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети