14 қаңтар 2019 | 11:06

Нұралы Қиясов: Дениске пышақтың қалай кіріп кеткенін білмей қалдым

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұралы Қиясов Нұралы Қиясов

Күдікті Нұралы Қиясов сотта Денис Теннің өлімі туралы істе сөз сөйледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Күдікті Нұралы Қиясов сотта Денис Теннің өлімі туралы істе сөз сөйледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қиясов 19 шілдеде болғаны оқиғаның хронологиясын баяндады. Оның айтуынша, шамамен 13:30-14:00-де үшеуі қалаға шыққан, көлік тізгінінде Қиясовтың өзі болған. 

Нұралы Қиясов ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабының 2-бөлігі 1, 4 -тармақтары ("Ұрлық") бойынша, 99-баптың 2-бөлігі 7,8-тармақтары ("Адам өлтiру") бойынша айыпталып жатыр.

Сонымен қатар, іс бойынша Жанар Толыбаева, және Арман Құдайбергенов өтіп жатыр. Қылмыс 2018 жылы 19 шіледеде Денис Тенді пышақтап кеткен болатын. Оқиға шамамен 15.00-де Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында болған. Кейін қалалық ІІД өкілдері Денис Тенге автоұрылар шабуыл жасағанын мәлімдеді. Сөйтсек, спортшы ұрылардың үстінен түскен болып шықты. Жанжал кезінде спортшының аяғына пышақ тиіп, көп қан жоғалтқан. Ол ауруханада көз жұмды.

"Мен қаланы аса біле бермеймін, бірақ Арман маған қайда бару керектігін көрсетіп жүрді. Жол бойында тұрған екі көлікті көрдік: ол осы көліктен бастаймыз деді. Сосын мен көлікті қоятын жер іздедім. Арман бірінші шықты, сосын мен шықтым. Ол маған "көлікте отыра бер" - деді. Бірақ менде көргім келді, артынан бардым. Жанарға көлікте отыруын айттық, себебі автокөлік құлыптанбайтын. Ол қалды, алайда біраздан соң артымыздан шықты", - деді Қиясов. 

Оның айтуынша, Денис Теннің көлігіне жақындағанда сөмкені ұстап тұрған. Ал Арман болса қолғапты алып, әйнекті шешуге кеткен. Біріншісін шешіп, сөмкеге салған. Қиясовтың айтуынша, адамдар жиналып қалған соң, Арманға күту керек болған. Сосын олар екіншісін шешуге барған. 

"Мен пышақтың сөмкеде екенін және оның әйнектің тоқтарын кесуге арналғанын да білдім. Сонымен қатар, әр түрлі бұрандылар болды. Мен жол бойында тұрдым, көлік иесін көрмедім. Шамамен жеті-сегіз метр жерде көліктің артқы жолаушы отыратын жағында тұрдым. Арманның екінші әйнекті шешкен сәтін көре алмадым. Көлік иесін көруге мүмкіндік болды, бірақ мен байқамадым. 

Арман екінші әйнекті шешкенде көлік иесі келді. Мен тек Арманның қашып бара жатқанын көрдім. Көлік иесі Арманды қуып жетіп, төбелесе кетті. Арман тағы қашты, көлік иесі спорт алаңына жеткенде тағы жетіп алды. Осы кезде Арман қашып шығатын шығар деп ойладым. 

"Мен тротуарда отырдым, басқа бағытта қашамын деп ойладым. Оларға жүгіріп барамын деген ой болмады. Кейін мен жақындадым, Арман оны белдікпен ұрып жатыр екен. Жақындай бергенімде, Арман Денистің соққысынан торға сүйкенді. Осы кезде мен Денистің артынан барып, қолынан тарттым. Қолымда пышақ болды, соны көрсетсем ол қашып кетеді деп ойладым. Бірақ ол орнынан қозғалмады. 

Оған қалай пышақ кіргенін сезбей де қалдым. Мен оны тартқылап жатқанымда пышақ кіріп кетті, сосын мен Арманға қарадым, ол маған қарады. Арман тұрғызып көлікке қарай қаштық, сосын Жанарды шақырып, Сайранға қарай кеттік. Сонда "өледі не өлмейді" деген болжамдар айттық. Үйге қарай бардық, ағам ашулы еді. Сол күні шамамен 22:00-де мені полицейлер үйден ұстап әкетті", - деді Қиясов. 

Нұралы Қиясовтың айтуынша, оның Денистің кез келген ағзасына пышақ салуға мүмкіндігі болған. 

Мен оның артында тұрдым, маған соққы жасаған жоқ. Менің ойымның бәрі қашып кету болды, бірақ өлтіру емес. Денистің қолында барсетке болды, біз оны алайын деп те ойламадық. Мен барлығынан кешірім сұраймын. Анасынан және Қазақстан халқынан кешірім сұраймын. Иә, біз ауыр қылмыс жасадық. Егер кешіре алсаңыздар, кешіріңіздерші. Түсінемін, ол ана, оның жүрегі ауырады. Мүмкін болса кешіріңізші", - деді сотталушы. 

Кейінірек Құрманғазы мен Бәйсейітова көшелерінің қиылысында даңқты мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің құрметіне ескерткіш орнатылатыны хабарланған еді. Сондай-ақ, оған "Халық қаhарманы" атағын беру ұсынылған болатын.

Мемлекеттік айыптаушының мәліметінше, Денис Тен автокөлігінің әйнектерін Арман Құдайберген шешкен. Оның сыбайласы Жанар Толыбаева осы кезде автокөліктен жеті метр жерде тұрған. Денис Тен көлігінің жанында бөтен адамдарды көріп, Қудайбергеновтың артынан қуалаған. Құдайбергенов пен Тен төбелесе кеткен. Осы кезде Нұралы Қисясов сөмкеден пышақ алып шығып, Денис Теннің артынан барып екі реті сан артенриясына пышақ ұрған. 

Айта кетейік, Сұлтан Қиясов осы істе куәгер ретінде шақырылған болатын. Алайда ол жауап беруден бас тартты. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 214-бабына сәйкес, (сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам куәнің, жәбiрленушiнің өзiнiң, жұбайының (зайыбының), жақын туыстарының қылмыстық құқық бұзушылық жасағанын әшкерелейтін айғақтар беруден бас тартуға құқылы екенiн түсiндiруге мiндеттi) жауап берген жоқ. 26 жастағы Сұлтан Қиясов бауыры Денис Тенді өлтірді деп айыпталған Нұралы Қиясовтан екі жас үлкен.

Осыған дейінгі сот тыңдалымында сотталушылардың бірінің құрбысы Жайна Ізтілеуова Денис Теннің өлімі болған күні Жанар Толыбаеваның, Нұрлан Қиясовтың және Арман Құдайбергеновтің немен айналысқанын айтып берген болатын. Ізтілеуова 19 шілдеде күндізгі уақыта Нұралы Қиясовтың бауыры Сұлтанның үйінде болғанын айтты. Сұлтан бауырын тауып, Жайнадан Жанар Толыбаеваға хабарласауын сұраған.

"Менің оған шамам келмеді". Арман Құдайбергенов Денис Тенмен төбелесі жайлы

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети