Нұрділдә Ораз ішкі істер министрінің кеңесшісі - ІІМ ресми өкілі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Нұрділдә Ораз ішкі істер министрінің кеңесшісі - ІІМ ресми өкілі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Бүгін Ішкі істер министрлігінде министрдің жаңа кеңесшісін әрін ресми өкілін (баспасөз қызметінің өкілі) таныстырды. ІІМ басшысы Ерлан Тұрғымбаев бұл қызметке Нұрділдә Оразды тағайындады", - делінген ІІМ баспасөз қызметінің хабарламасында.
37 жастағы Нұрділдә Ораз - әл-Фараби атындағы ҚазҰУ университетінде "Журналистика" мамандығы бойынша білім алған. Сонымен қатар, ол Қарағандыдағы ІІМ академиясын тәмамдаған, "Болашақ" бағдарламасымен АҚШ-та оқыған.
Әр жылдары Нұрділдә Ораз Алматы қаласындағы ЮСА телеарнасында журналист болып жұмыс істеді, "31 канал" телеарнасында "Информбюро" жаңалықтар редакциясының жүргізушісі болды. Астаналық "Астана" телеарнасында редактор және жетекші болды. Сондай-ақ, ол Apta.kz сараптама бағдарламаның жетекші және редакторы ретінде жұмыс істеді.
2007 жылы Нұрділдә Ораз Астана қаласы Ішкі істер департаментінің тіл саясаты және ақпарат бөлімінің басшысы болып, 2011 жылға дейін жұмыс істеді. Одан кейін ішкі істер министрінің баспасөз хатшысы болды. Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің басшысы қызметін атқарды. 2016 жылы Нұрділдә Ораз Бас прокуратурада аппарат басшысының орынбасары болды.