Нұргүл Мауберлинова ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі үкімет сайтына сілтеме жасап.
Нұргүл Мауберлинова ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі үкімет сайтына сілтеме жасап.
Жаңа тағайындалғанға дейін Мауберлинова Ақпарат және коммуникация министрлігінің Ақпарат комитетін басқарды.
Нұргүл Мауберлинова 1973 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде және ҚазТұтынуОдағы Қарағанды экономикалық университетінде білім алған.
Мәдениет және ақпарат министрлігінде, премьер-министр кеңсесінде, орталық коммуникациялар қызметінде қызмет атқарған.