Нұржан Әлтаев Мәжіліс депутаты болып сайланды

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Нұржан Әлтаев. ©Tengrinews.kz Нұржан Әлтаев. ©Tengrinews.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нұржан Әлтаев Парламент Мәжілісінің депутаты болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нұржан Әлтаев Парламент Мәжілісінің депутаты болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Кеше ҚР Орталық сайлау комиссиясы "Нұр Отан" партиясының мүшесі Нұрлан Бауыржанұлы Әлтаевты Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты етіп тіркеді. Осыған байланысты депутаттық корпус атынан жаңадан сайланған әріптесімізді құттықтаймын", - деді Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин.

Нұржан Әлтаев Парламенттің төменгі палатасының аграрлық мәселелер комитетінің құрамына кірді.

"Қазақстан халқына адал қызмет етуге, ҚР тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның констиутциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, маған жүктелген депутаттың жоғары міндеттерін адал атқаруға ант беремін", - деді Нұржан Әлтаев.

Нұржан Әлтаев 40 жаста, қазіргі Түркістан облысының тумасы. 2004 жылы Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, 2012 жылы Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетін бітірген. Мамандығы-заңгер, экономист.

Ол еңбек жолын 2002 жылы бастаған. 2005-2012 жылдары мемлекеттік органдарда әр түрлі қызмет атқарған, ұлттық компанияларда жұмыс істеген. 2012-2017 жылдары "Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығын", Оңтүстік Қазақстан облысының Кәсіпкерлер палатасын басқарды, "Атамекен" ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасының орынбасары болып істеген. ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі болған. 2018 жылдың қаңтарында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro