21 мамыр 2021 | 19:24

Нұржан Әшімбетов Ақсу қаласының әкімі қызметінен босатылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұржан Әшімбетов. Фото: gov.kz Нұржан Әшімбетов. Фото: gov.kz

Нұржан Әшімбетов Павлодар облысы Ақсу қаласының әкімі қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Нұржан Әшімбетов Павлодар облысы Ақсу қаласының әкімі қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Павлодар облысы әкімінің өкімімен Нұржан Кемерұлы Әшімбетов Ақсу қаласының әкімі қызметінен босатылды", - деп хабарлады Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін Pavlodarnews.kz басылымы Әдеп жөніндегі кеңес Нұржан Әшімбетовті Ақсу әкімі қызметінен босатуды ұсынғанын хабарлаған.

Нұржан Әшімбетов 1969 жылы Павлодар облысы Лебяжі ауданы Черная ауылында дүниеге келген. 1993 жылдан 1999 жылға дейін әртүрлі, соның ішінде жеке компанияларда басшылық лауазымдарды атқарды.

1999 жылы Павлодар облысы Ақтоғай ауданы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. 2001 жылдан 2006 жылға дейін Лебяжі ауданының әкімі қызметін атқарды. 2006-2008 жылдары-Павлодар облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы. 2008-2009 жылдары-Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы. 2009 жылы Петропавл қаласының әкімі болып тағайындалды. 2012-2016 жылдары-Павлодар облысы әкімінің орынбасары. 2016 жылы Павлодар қаласының әкімі лауазымына тағайындалды, ал 2018 жылдан 2019 жылға дейін Екібастұз қаласының әкімі болды. 2019 жылғы қыркүйекте Парламент Мәжілісінің VI шақырылымының депутаты болды.

Ақсу әкімі қызметін 2021 жылғы 22 қаңтардан бастап атқарған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети