1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Нұрлан Алдамжаров Су ресурстары комитетінің төрағасы болып тағайындалды19 маусым 2020, 15:14

Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығымен Нұрлан Жанұзақұлы Алдамжаров ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды., - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап. 

Нұрлан Жанұзақұлы Алдамжаров 1975 жылы 12 қыркүйекте Ташкент қаласында дүниеге келген. 1999 жылы Ташкент инженерлік ирригация және механизация ауыл шаруашылығы институтын "инженер-гидротехник" мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1999 жылы Ташкент қаласында "Ташоблмелиоводстрой" трестінің №5 механикаландырылған өндірістік колоннасының 4 разрядты монтажнигі болып бастаған. 

Түрлі жылдары мемлекеттік және коммерциялық құрылымдарда еңбек еткен. 

2008-2012 жылдары - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының жетекші маманы, бас маманы.

2012-2014 жылдары - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бас маманы, бөлім басшысы, басшының орынбасары.

2014-2015 жылдары - ОҚО Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы, Оңтүстік Қазақстан облысы Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және жолаушылар көлігі басқармасының басшысы.

2015-2016 жылдары - "Нұр Отан" партиясының орталық аппараты ұйымдастыру-бақылау жұмысы департаментінің директоры, партиялық бақылау қызметінің басшысы.

2016 жылдан бастап 2018 жылға дейін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

2018-2020 жылдары - Жамбыл облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!