27 қаңтар 2017 | 19:14

Нұрлан Ноғаев халықпен түсінісе алмайтын басшыларды сынады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев халықпен түсінісе алмайтын басшыларды сынады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Қызылқоға ауданында өткен көшпелі кеңесте айтылды.


Иконка комментария блок соц сети

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев халықпен түсінісе алмайтын басшыларды сынады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Қызылқоға ауданында өткен көшпелі кеңесте айтылды.

Жиында облыстағы ветеринария, ауыл шаруашылығы саласының хал жағдайы талқыланған. Нұрлан Ноғаев 2016 жылы келгенде жергілікті әкімге берген 22 тапсырмасының қалай орындалғанын сұрады. Аудан әкімінің айтуынша, тапсырмалардың 10-ы орындалып, 8-і орындалып жатыр, қалғандары шешімін таппаған.

Кеңесте аймақтағы ауылшаруашылық саласының жағдайы туралы сәйкес басқарманың басшысы Сырым Рысқалиев баяндады. Оның айтуынша, облыстың бұл саладағы даму деңгейі жақсы. Аймақтағы ауылшаруашылық өнімдерінің көлемі артқан. Бұл көрсеткіш алдыңғы жылғыдан 4 пайызға көбейіп 61 миллиардқа жетіп отыр. Оның ішінде мал шаруашылығы өнімдері 2 пайызға, егін шаруашылығы өнімдері 6 пайызға жоғарылаған.

Агроөнеркәсіп кешенін субсидиялау үшін 2,7 миллиард теңге бөлінгені де белгілі болды. Соның арқасында облыста, мәселен, қой мен ешкінің саны 6000 басқа артып, 538 мыңға жеткені айтылды. Бұл көрсеткіш алдыңғы жылғы көрсеткіштен 1 жарым пайызға артық.

Ал "Алтын асық" бағдарламасы аясында облыс халқы 5 мыңға жуық қой сатып алып, аймақ жоспарды 30 пайызға артық орындап отыр. Әйтсе де, бұл көрсеткіш жоспарды 2 еседен артық орындаған Жылыой, Құрманғазы аудандарындағы жұмыстың есебінен өскен. Ал кеңес өтіп отырған Қызылқоға ауданының бұл бағдарлама жоспарын тиісті деңгейге орындай алмағаны белгілі болды. Аудан шаруалары 2016 жылы 1000 бас қой алуы керек болған, алайда жергілікті басшылық бұл тапсырманың үдесінен шыға алмай, жоспардың жартысын да орындамаған.

Аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев бұл кемшілік үшін жергілікті басшы Мақсот Мұқановты сынның астына алды.

"Аймақта ауылшаруашылық қарқынды дамып келе жатыр. Мал саны да, одан өндірілген өнімдердің көлемі де жылдан жылға артып отыр. Бірақ бұған үлес қосып, себепкер болып отырған аудандар санаулы. Кейбірі жетістікке ортақтасып қана жүр. Тапсырма әр ауданның ерекшелігіне сай біріне көбірек, біріне азырақ беріледі. Сондықтан, мына ауданның жағдайы бізден гөрі жақсырақ деген сылтау бұл жерде жүрмейді", - деді аймақ басшысы.

Облыс әкімі, бұл жағдайға себеп болып отырған негізгі фактор ретінде тұрғындардың мемлекет жасап жатқан көмектен бейхабарлығы деді.

"Халық бағдарламалардың көбінен хабарсыз. Білмейді. Әкімдіктер бұл бағыттағы жұмысты үдетуі керек. Әр кәсіпкердің соңынан жүгіріп, мынаны екші, ананы өсірші деп жалынып жүрмей, жалпы түсіндіру керек. Егер халық "Алтын асық", "Сыбаға", "Құлан" секілді бағдарламалардың байыбына барып, артықшылығын сезінетін болса, өздері соңдарыңыздан қалмай, субсидия сұрап жүгіріп жүреді", - деді аймақ басшысы.

Айта кетелік, былтыр Қызылқоға ауданындағы "Жасқайрат" компаниясында суықтан 635 қозы өлген еді. Облыс әкімі бұған жергілікті әкімдіктің, ветеринария басқармасының жұмысындағы әлсіздіктер себеп екенін айтты.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети