13 қараша 2017 | 17:07

Нұрлан Ноғаев: Үй салғанда құрылыс мәдениетін сақтау керек

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі © Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі

​Аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев облыс орталығындағы "Береке" тұрғын үй кешенінің құрылысын тексерді, - деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі. 


Иконка комментария блок соц сети

​Аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев облыс орталығындағы "Береке" тұрғын үй кешенінің құрылысын тексерді, - деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі. 

​Биыл мемлекет қаржысына жалпы ауданы 135,6 мың шаршы метр болатын 37 тұрғын үй, яғни 2007 пәтер құрылысы жүргізілді. Жалпы ауданы 109,8 мың шаршы метр 1617 пәтерлі 29 үй пайдалануға берілді, қалған 8 тұрғын үй құрылысы жыл аяғына дейін бітеді.

"Береке" тұрғын үй кешенін тексеру барысында Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев үй тұрғызу кезінде барлық қажетті жағдайлар есепке алынып, құрылыс мәдениеті сақталуы керектігін айтты.

"Мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер алған адам оған қалай жөндеу жүргізу керегін немесе құрылысшылардың кемшілігін қалай дұрыстауды ойламауы керек, - деді қарамағындағыларға Нұрлан Ноғаев. - Қабылдау-тапсыру актісі қосымша өзгертулер мен қайта түзетусіз, барлық жұмыстардың аяқталғанын көрсетеді".

Өңір басшысы тексеру қортындысымен жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берді.

Айта кетейік, 2018 жылы Атырау қаласындағы екі ықшамауданда ("Береке", "Нұрсая") жалпы ауданы 234,5 мың шаршы метр, 4 638 пәтерлі 43 көп пәтерлі тұрғын үйдің құрылысын жүргізу үшін жобалау-сметалық құжаттама дайындау жүзеге асады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети