21 маусым 2016 | 12:12

Нұрлан Нығматулин Мәжіліс депутаты болып тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрлан Ниғматуллин Нұрлан Ниғматуллин

Қазақстан Президенті әкімшілігінің басшысы Нұрлан Нығматулин Мәжіліс депутаты болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Орталық сайлау комиссиясына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Президенті әкімшілігінің басшысы Нұрлан Нығматулин Мәжіліс депутаты болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Орталық сайлау комиссиясына сілтеме жасап.

ҚР Орталық сайлау комиссиясы Конституциялық заңның 97-1 бабының 6-тармағына сәйкес "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" негізінде "Нұр Отан" Саяси кеңес бюросының шешімі бойынша Нығматулин Нұрлан Зайруллаұлын депутат етіп тіркеді.

"Нұр Отан" партиясының тапсырмасымен Мәжіліс төрағасы қызметіне Президент Әкімшілігінің басшысы Нұрлан Нығматулинді ұсынамын. Оның қызметі еліміздің дамуымен және гүлденуімен тығыз байланысты. Нығматулинның Қарағанды әкімі, "Нұр Отан" партиясының бірінші орынбасары, Мәжіліс спикері және Президент Әкімшілігінде қызмет еткенін атап айту да жетерлік. Мен ұсынған үміткерді қолдауларыңызды сұраймын", - деді депутат Қуаныш Сұлтанов толық мәжілісте. Айтылған ұсынысқа партияның барлық өкілі пікірлерін білдірді.

Мәжілістің уақыт тәртібіне сәйкес, жабық дауыс беру мен оның нәтижелерін анықтау үшін есеп комиссиясы құрылды. Комиссияның құрамында Асқар Базарбаев, Роман Ким, Екатерина Никитинская, Тұрғын Сыздықов, Шавхат Утемисов пен Татьяна Яковлева болды.

Айта кетейік, депутаттар бірауыздан Нығматулинге дауыс берді: 102 дауыс берушілердің - 102-сі қолдады.

"Мен үшін бұл үлкен құрмет пен жауапкершілік. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың және барлық депутаттың алдындағы жауапкершілік. Біздің мақсатымыз - елбасымыздың "100 қадам" бағдарламасы бойынша бес институционалдық реформаның негізінде жүйелі әрі жоспарлы дайындық жасау. Тапсырмаларды орындау үшін, палата төрағасы ретінде мен барлық партия өкілі мен депутаттардың пікірін ескеремін. Себебі, меніңше, тек партия арасындағы диалог бізге  Мемлекет басшымысының бағдарламаларын және реформаларды жүйелі әрі сапалы түрде орындауға көмектеседі", - деді Нығматулин.

Айта кетейік, Парламент Мәжілісінің бұрынғы спикері Бақтықожа Ізмұхамбетов Орталық "Ардагерлер ұйымы" Орталық кеңесінің төрағасы болып тағайындалды.

"Менің отставкамды қабылдаңыз. Мен қызметтен өз еркімен "Ардагерлер ұйымы" орталық кеңесінің төрағасы болып тағайындалуыма байланысты және маған міндеттелген жұмыстарды сапалы орындау мақсатында кетіп отырмын", - деді Ізмұхамбетов толық мәжілісте.

Айта кетейік, бұған дейін Мәжіліс депутаты Роман Склярдың қызметтік өкілеттігі оның ҚР ұлттық экономика вице-министрі қызметіне келуіне байланысты тоқтатылған болатын.

Нұрлан Нығматулин 2015 жылдың мамыр айынан бастап Қазақстан Президенті әкімшілігінің басшысы қызметін атқарды. Айта кетейік, Нығматулин Парламент Мәжілісі төрағасы қызметінде де болды. Ал төменгі палатаның спикері қызметінде 2012 жылдың қаңтар айынан 2014 жылдың сәуір айында болды.

Сонымен қатар, Нұрлан Нығматулин Қарағанды облысы әкімі және "Нур Отан" партиясы төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети